Білім
2 мин оқу 620

Инклюзивті білім басымдығы

<p style="text-align: justify;">Кейінгі жылдары ерекше қажеттіліктері бар балаларға көңіл бөлу, олардың өзге балалармен тең құқылы білім алуы заңнамалық тұрғыдан бекітіліп, қазіргі кезде арнайы мектептердегі оқу үрдісі осы бағытта жұмыс істеп<br />келеді.</p>

Инклюзивті білім басымдығы

Инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының деректері бойынша елімізде 400-ден астам арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Осы орайда ерекше білім бе­руді қажет ететін балалардың арнайы және инклюзивті білім алуын, педагог кадрлармен қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар өңірлер бойынша іске асып келеді.

Алматы қалалық білім бас­­қармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның ай­туын­ша, оңтүстік астанада ин­­клюзивті білім беруді жү­­­зеге асыратын мектептер саны жыл сайын артып келе­ді. Қазіргі уақытта қалада 182 мек­тепте ерекше білім беру қа­жеттілігі бар балаларға жағ­дай жасалған. Биылғы оқу жылынан бастап тағы да 16 мек­теп тізімді толықтыра­ды. 2020-2021 оқу жылында ин­­клюзивті білім берумен ­ 3 672 бала қамтылса, 2022-2023 оқу жылында бұл көрсеткіш ­4 632-ні қамтып отыр.

– Қазіргі кезде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттері жұмыс істесе, соның 8-і – аудан­­дардың тірек мектебі. Бұл бағытта білім беру үшін мұ­ғалімдерге әдістемелік кө­мек қарастырылған. Соны­мен қатар білім берудегі жа­ңа технологиялардың қа­ла­лық ғылыми-әдістемелік орта­лығының базасында ин­клюзивті ресурстық орталық ашылып, мектептер үшін 600 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. Қа­зіргі уақытта мүмкіндігі шек­теулі балалар­ға арнайы пси­хо­логиялық-педагогикалық қол­дау көр­сететін жеке ұйымдар­да мем­лекеттік білім беру тап­сыры­сын орналастыруға кон­курс жарияланды, – деді Л.Жылқыбаева.

Оның айтуынша, жаздың басында Наурызбай ауда­нын­да жобалық қуаты аптасына 5 мың баланы қамтитын инно­вациялық шығармашылық ор­талық ашылған. Биылғы оқу жылы басталғанға дейін осын­дай орталықты Алатау ауданында ашу жоспарланған. Мұндай орталықтардың мүм­кіндігін пайдаланып, қосымша білім саласына ең үздік мамандарды тартып отырып, креативті идеялар алаңына айналдыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар өткен ға­сыр­­дың 30-жылдары Түрк­сіб және Бостандық аудан­да­рында салынған екі оқу­шы­лар үйінің орнына күніне 800 баланы қабылдау мүм­кін­дігі бар заманауи даму және шы­ғармашылық орталықтарын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жоба дайын, ал құрылыс-монтаж жұмыстары келер жылы басталады. 2025 жылға дейін қажеттілік бар аудандарда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қосымша білім беретін тағы да 3 заманауи орта­лық салынбақшы.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Инклюзивті білім басымдығы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар