Президент
1 мин оқу 263

Тәжікстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері&nbsp;Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Тәжікстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.

Бөлісу:
Тәжікстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар