Қоғам
1 мин оқу 400

Алматыда электронды темекі сататын жасырын орын анықталды

<p style="text-align: justify;">Алматыда электронды темекіні заңсыз сатқандар анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Олар қалада электронды темекіні заңсыз сатқан қойма үй-жайларды анықтады.

Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу:
Алматыда электронды темекі сататын жасырын орын анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар