Спорт
1 мин оқу 270

Шавкат Рахмонов Майкл Пейджді жекпе-жекке шақырды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Bellator-дың спортшысы Майкл Пейджбен айқасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Шредингер спорты&raquo;&nbsp;<a href="https://t.me/sportilinet/13256?single" rel="nofollow">Telegram-арнасына</a>&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Шавкат Рахмонов Майкл Пейджді жекпе-жекке шақырды

Bellator ұйымының үздігі – 36 жастағы Майкл «Веном» Пейдж жақында ресми түрде UFC қатарын толықтырады. Ол Bellator-дан ауысқаннан кейін UFC титулына үміткер болу үшін бір ғана жекпе-жек өткізген Майкл Чендлердің жолын қайталағысы келеді.

Пейдж топ-5 немесе топ-10 қатарындағы спортшының бірімен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Оған жауап ретінде Шавкат Рахмонов «6-шы нөмірге қалай қарайсың?» деп жазды.

«Веномның» ММА-дағы статистикасы – 26-2. Британдық спортшы Bellator чемпиондары – Логан Сторли (уақытша титулды алды) мен Дуглас Лимадан ғана жеңілген. «Веном» ММА-ға дейін кикбоксингтен әлем чемпионаттарында жеңіске жетті. Ал лақап атын соққы мен каратэні үйлестіре алатыны үшін иеленді. Сондай-ақ ол қолғапсыз жұдырықтасып, кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізіп үлгерген.

Бөлісу: