Ауа райы
1 мин оқу 220

26 тамызға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">26 тамызда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, дауыл соғады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

26 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Ал солтүстікте, солтүстік-батыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысында, Атыраудың батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі болады.

Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі болады деп болжанып отыр.

Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қаупі болады.

Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды ​​облысының орталығында да өрт қаупі жоғары болмақ.

Бөлісу: