Қоғам
1 мин оқу 190

Елордада бірнеше көше жөндеуге жабылады

<p style="text-align: justify;">Астана қаласының Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірден бірнеше көшеде жөндеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осыған байланысты жөнделетін учаскелерде қозғалыс уақытша жабылды, деп &nbsp;жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің&nbsp;<a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/608855?lang=kk" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">ресми сайтына</a>&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Елордада бірнеше көше жөндеуге жабылады

Мәселен, жол төсемін жөндеу Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында жүргізілуде.

Осыған байланысты 26-27 тамыз аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

26-31 тамыз аралығында Тәшенев көшесінен Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Мұнда да жөндеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, орташа жөндеуге байланысты 26-31 тамыз күндері Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралықтағы Түркістан көшесі жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Елордада бірнеше көше жөндеуге жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар