Аймақтар
1 мин оқу 432

Жібек жолындағы жәрмеңке

<p style="text-align: justify;">Отырарда &laquo;Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер&raquo; атты халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Мәдениет және спорт министрлігі мен &laquo;Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы&raquo; қорының қолдауымен, &laquo;Отырар&raquo; мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен келген 50-ден астам тоқыма және зергерлік өнердің хас шеберінің қолөнер бұйымдары қойылды.</p>

Жібек жолындағы жәрмеңке

Жәрмеңкенің ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұ­ра­сы қорының өкілі Тал­ғат Мұханов және Оты­рар ауданының әкімі Сә­кен Сұлтанханов ұйымдас­тырушыларға ыстық ықы­ласын білдіре отырып, қа­тысушыларға сәттілік тіледі. Ал қазылар алқасы ше­бер­лердің өнерін жіті бақы­лап, үздік деп танылған қа­ты­сушыларды анықтады. Сөй­тіп, қазылар алқасы­ның ше­шімімен бас жүлде­ге Жен­нет Гарлиева мен (Түр­ік­мен­стан), Абдулла Нау­рыз­баев (Шымкент қа­ласы) ла­йық деп танылды. Салих Гир­гич (Түркия) пен Айжан Аб­дубайтова (Алматы) жүлделі I орынды, Болат Атыраубаев (Ақтөбе облысы) пен Бибажар Симова (Шымкент қаласы), Нұр­жамал Айдос (Алматы қаласы) және Икрамжан Рафиков (Шымкент қаласы) жүлделі II орынды, Сұлтан Тілек (Алматы облысы), Ма­дина Ахметова (Шым­кент қаласы), Мереке Айдарша (Түркістан облысы) мен Әбдірейм Сұлтанғали (Түр­кістан облысы) жүлделі III орынды иеленді. Ал үздік деп танылған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облы­сынан және Өзбекстан, Қырғызстаннан келген қа­ты­сушыларға «Тұран зерге­рі» аталымы, же­ңімпаздарға сертификат­тар мен ынталандыру сый­лықтары табыс­талды.

Шара соңы концерттік бағ­дарламаға ұласты. Сон­дай-ақ қонақтар мен қаты­сушыларға тарихи-мәдени орындарға экскурсия ұйым­дастырылды.

Түркістан облысы

Бөлісу: