Әдебиет
1 мин оқу 600

«Алтын тобылғы» әдеби байқауы жарияланды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Алтын тобылғы&raquo; әдеби байқауы үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайды. Бұл игі іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі байқау биыл тоғызыншы рет өтеді. Басты мақсат &ndash; заманауи қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау, шығармашылығын насихаттау, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Алтын тобылғы» әдеби байқауы жарияланды

Әдеби байқауға 18-35 жас аралығындағы жас қаламгердің қазақ немесе орыс тілдеріндегі шығармасы қабылданады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы. Байқаудың бұрынғы жеңімпаздары қатыстырылмайды. Бір автордан бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады.

Байқау номинациялары:

- «Жылдың үздік прозасы»;
- «Жылдың үздік поэзиясы»;
- «Жылдың үздік драматургиясы»;
- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;
- «Жылдың үздік киносценарийі»;
- «Жылдың үздік фантастикалық шығармасы»;

Қор биыл ««Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды» арнайы номинациясын да тағайындаған. Жеңімпаз «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атанып, 2 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Ал арнайы номинация жеңімпазына 3 млн теңге беріледі.

Қатысу үшін өтінімді (шығарманы) пошта арқылы Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2022@fnn.kz электрондық мекенжайына жіберу керек. Өтінім 30 қазанға дейін қабылданады.

Толық ақпаратты fnn.kz сайтынан немесе 8 (7212) 767012 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Бөлісу: