Спорт
1 мин оқу 160

Қос жүлдеге қол жеткізді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Бұл күндері Әзербайжанның бас ша&shy;һары &ndash; Бакуде нысана көздеуден 53-әлем чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Байрақты доданың кезекті жарыс күнінде жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатындағы тарихи жүлдеге қол жеткізді.</p>

Қос жүлдеге қол жеткізді

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеудің финалына екі жерлесіміз – Зухра Ирназарова мен Александра Сәдуақасова шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Аса тартысты өткен финалдық сайыста Зухра отан­дасы Александрадан 6:3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Ал қола жүлде украиналық Галина Авраменкоға бұйырды.

Бұған дейінгі ересектер арасындағы әлем­дік додада ел спортшылары бірде-бір жүлде алмаған еді. Барлық жетістік тек жасөс­пірімдер мен жастар деңгейінде тіркелген. Ал кеше ел қоржынына бірден қос медаль түсті. Бакуде күміс жүлдеге ие болған Александра Сәдуа­қа­сова былтыр Францияда өткен жастар ара­сын­дағы әлем чемпионатында топ жарған бо­латын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 3 жүлде бар.

Бөлісу:
Қос жүлдеге қол жеткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар