Қоғам
1 мин оқу 270

Әлем тілдерін тегін үйренеді

<p style="text-align: justify;">Алматылықтар оннан астам шет тілін мең&shy;геретін болды. &laquo;Тілдер саябағы&raquo; қалалық әлеу&shy;меттік жобасының қатысушыларына шет тілі тегін оқытылмақ.</p>

Әлем тілдерін тегін үйренеді

Қаланың 6–60 жас аралығындағы тұрғындары үшін қолжетімді курстар бір ай бойы аптасына 3 рет өтеді. Сабақтар саябақтарда өтетіндігі хабарланған.

Оқу біткен соң барлық белсенді қатысушыларға сертификаттар беріледі. Осы кезеңде 5 мыңнан астам қала тұрғыны білім алады деп жоспарланған. Шет тілдерімен қатар саябақтарда қазақ тілі сабақ­тары да өтеді.

Жобаны Алматы әкімдігі жобалық кеңсе аясында аудан әкімдіктерімен, белсенділермен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Әлем тілдерін тегін үйренеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар