Ауа райы
1 мин оқу 230

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; өңірлерде 29 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау обылысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Жетісу облысынының солтүстік-шығысында, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар