Спорт
1 мин оқу 230

Алдына жан салмады

<p style="text-align: justify;">Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден өтіп жатқан әлем чемпионатында біздің мергендер тағы 2 медаль жеңіп алды.</p>

Алдына жан салмады

Бұл жолы Александра Сәдуақасова ал­тынға қол жеткізсе, Зухра Ирназарова кү­міс­ті қанағат тұтты.

Ауыспалы ритммен 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде Зухра мен Александра финалда негізгі кезеңде 378 ұпаймен тең түсті. Қосымша сында Александра мергендік танытып (19:13), чемпион атанды.

Газетіміздің өткен санында Зухра жеңім­паз, Александра екінші орыннан көрінгенін хабарлаған едік.

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы нысана көздеуден әлем біріншілігінде 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы есепте 9-орынға көтерілді.

Бөлісу:
Алдына жан салмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар