Қоғам
2 мин оқу 1,190

Ата Заңға арналған сабақ

<p style="text-align: justify;">Конституция күні қарсаңында Қазақстан Президентінің Архиві ерекше жоба ұйымдастырды. Алматы қаласының оқушыларына архив құжаттарын пайдалану жөнінде шеберлік сыныбы өтіп, соның нәтижесінде Архивте балалар өздері дайындаған кітап, сурет, құжаттық көрмелерді таныстырды.</p>

Ата Заңға арналған сабақ

Іс-шараны Президент Ар­хиві­нің директоры Әлия Мұстафина ашып, оқу­шы­лар­ды Конституция күнімен құт­тықтады. Ол Консти­ту­ция мемле­ке­­тіміздің басты за­ңы екенін атап өтіп, соның не­гі­­зінде елдің мемлекеттік, саяси, қоғамдық, экономикалық те­тік­те­рі қалыптасатынын жет­кізді. Сонымен қатар ол бала­ларға 1995 жылы 30 тамыз күні қа­былданған қазіргі қол­да­ныс­та­ғы Конституция Пре­зи­дент Архивінде мемлекет­тік сақтауда екенін айтып, бүгін олар үшін тарихи күн екенін жеткізді.

Оқушылардың бұл көрмеге үлкен жауапкершілікпен, ізденіс­пен келгені байқалады. Бұған дейін олар арнайы шеберлік са­бағы кезінде Конституция күні­не орай құжаттық көрмеге қандай істерді ұсынатынын, кітап көрме­сі­не қандай басылымдарды қоя­ты­нын және сурет көрмесіне ілі­нетін шығармаларды Архив қызметкерлерімен бірге таңдасып, үлкен қызығушылықпен жұмыс істеді. Нәтижесінде, құжаттық көр­мені №195 жалпы білім бере­тін мектептің оқушысы Әмина Тұрсынжан, №35 мектеп-гим­на­­зия­ның 9-сынып оқушысы Адия Сержан, 125 High School мектебінің 11-сынып оқушысы Амира Ильяс таныс­тырды, ал кітап көрмесі тура­лы №195 жалпы білім беретін мек­тептің оқушысы Махаббат Мұқан баяндады.

«Менің Отаным – менің бола­ша­ғым» тақырыбында сурет көр­месіне оқушы­лар­дан келген 30-ға жуық шығарма қойылып, ол жөнінде № 204 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ақерке Нұржанқызы айтып берді. Ол өз сөзінде көрмеге келіп түскен сурет­тердің барлығы балалардың туған жеріне деген махаббатын, бола­шаққа деген сенімін көр­сеткенін атап өтті.

«Шеберлік сабағы кезінде Кон­с­ти­ту­цияға қатысты кітаптар, құ­жат­тармен таныстық. Біз Кон­с­титу­цияның түпнұс­қа­сын көрдік, бұл біз үшін үлкен қуаныш. Себебі еліміздің Ата Заңы­ның қалай жа­зылғанын, қалай дайындалғанын, қалай қабыл­данғанынан хабардар болдық. Бұл іс-шара тарихымызды біліп, оны құрметтеу керек екенімізді көрсетті», дейді №25 мектептің оқушысы Радмила Анисимова.

Жастарға патриоттық тәрбие беруге, елінің тарихын архив құжаттары негізінде тереңірек оқып-білуге бағытталған «Бола­­шақ архивші» жобасын Прези­дент Архиві 2022 жылы елі­міз­де жарияланған Балалар жылы аясында ұйымдастырған. Был­тыр­ғы іс-шарада оқушылар ар­хив­­тің қызметі және міндет­те­­рімен еркін форматта танысып, архившілердің күнделікті жұмысын көрген еді. Сонымен қа­тар балалар Президент Ар­хи­вінің құжаттары сақталған зерт­ха­на­лық корпусқа экскурсия жасап, құжаттарды тігу, реставрациялау және цифрландыру сияқты жұмыс түрлері мен басқа да қызметтері бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Істерді қорап­қа орналас­тыру, кейін істерді нөмірлеу, құжаттарды зерттеу, конверттерді дайындау, соңында архив құ­жаттарына мөр басу сынды архив қыз­метк­ерлерінің күн­делікті жұмыс­та­ры­мен таныс­қан.

Жаңашыл дәстүр биыл да жал­ға­сын тапты. Балалар оқу жы­лы­ның алдында Архивке келіп, Конституция күнін ерекше форматта атап өтті. Іс-шара соңында бала­ларға «Болашақ архивші» дипломы табысталды. Архивте өткен ақпараттық-танымдық іс-шара балалардың жадында ұзақ сақталады деп сенеміз.

Бөлісу:
Ата Заңға арналған сабақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар