Қазақстан
1 мин оқу 690

Бүгін - Конституция күні

<p style="text-align: justify;">Бүгін қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді.&nbsp;Ата заң 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.  

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. 1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса, 1995 жылы қабылданған Конституция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға әр жылдары бірқатар өзгеріс енгізілді.

Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды. Ата заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі.   

Бөлісу:
Бүгін - Конституция күні · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар