Ауа райы
1 мин оқу 354

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр әлі де сақталады. Алдағы үш күнде өңірлерде найзағай ойнап, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұршақ жаууы да мүмкін.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Әсіресе солтүстік өңірлерде күн суытады. Түнгі уақытта ауа температурасы 5-10 градус болса, күндіз 10-18 градус болады деп күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында, жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 25-30 градусқа дейін жоғарылайды.

Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар