Қоғам
2 мин оқу 200

Мәдени байланыс жалғасады

<p style="text-align: justify;">Елімізде өткен Тәжікстан мәдениетінің күндері қос ел жазушыларының басқосуымен қорытындыланды. Ұлттық кітапханада екі елдің Жазушылар одағының өкілдері дөңгелек үстел басына жиналып, келелі мәселелерді ортаға салды.</p>

Мәдени байланыс жалғасады

Алқалы жиынға Қазақстан Мәдениет және спорт минис­трі Ас­хат Оралов, Тә­жік­стан Мәдениет минис­трі Зуль­фия Давлатзода, Қазақ­стан Жазушылар одағының төр­ағасы Мереке Құлкенов, Тә­жік­стан Жазушылар ода­ғының төрағасы Косим Нозим, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қа­тысты.

«Біз мемлекеттеріміздің әдебиет саласындағы өзара ынтымақтастығы мәселелерін талқыладық. Атап айтқанда, Жа­­зушылар одағы қазақ­стан­­­дық авторлардың бес шы­­­ғар­масын тәжік тіліне ау­дару туралы ұсыныс айтты. Сон­дай-ақ Қазақстанда тә­жік әде­биетшілерінің бес ең­бегін шығару ұсынылды. Бұл Қазақ­стан мен Тәжікстан ара­сын­дағы мәдени байланыс­тарды нығайтуға ықпал етеді деп санаймын», деді Асхат Оралов.

Сонымен қатар Мереке Құл­кенов пен Косим Нозим екі елдің Жазушылар одақтары ара­сындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қой­­д­ы.

Кездесу тәжік делегация­сына естелік кітап­тар табыс­тау рәсімімен аяқ­талды. Қо­­­нақ­тарға сыйлық ретінде қа­­зақ ақындарының «Қа­­зақ поэзия­сының інжу-маржан­дары» атты 13 томдық өлеңдер жи­на­ғы және басқа да кітаптар та­бысталды.

Қазақстан мен Тәжікстанды географиялық көршілестік қа­на емес, сондай-ақ ғасырлар бойғы тарих та байланыстырады. Мәдени алмасу әрқашан екі елдің тығыз қарым-қаты­насының маңызды бөлігі бол­ды. Сондықтан әдебиетті да­мыту саласындағы өзара іс-қи­мылдың күшеюі бүкіл Орталық Азия аймағына орасан зор пайда әкелуі мүмкін.

«Қажетті қадамдар қазір­дің өзінде жасалып жатыр. Мә­селен, келесі жылы Ұлттық академиялық кітапханада тәжік әдебиетінің бұрышы ашылады. Сонымен қатар біз­дің елдеріміздің ұлттық кі­тапханалары арасында ын­ты­мақтастық туралы шарт бар, оның шеңберінде кі­тап­хана, архив және музей қорларының жазбаша және баспа құжаттарын сақ­тау бағытында жұмыстар жүр­гізілуде. Ал тәжік тарапы өз ке­­зегінде Қазақстан баспа­лары мен кітап сауда ұйым­да­рын осы жылдың қазан айында Тәжікстан астанасында өте­тін XI халықаралық «Ду­­шанбе кітабы» көрмесіне ша­қырды», деді министр.

Айта кетейік, келесі жылы Тәжікстанда Қазақстанның Мәдениет күндерін өткізу жос­парланып отыр.

Бөлісу:
Мәдени байланыс жалғасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар