Аймақтар
2 мин оқу 310

Салтанатты мереке

<p style="text-align: justify;">30 тамыз &ndash; Конституция күні мере&shy;кесіне орай Шым&shy;&shy;&shy;кенттегі &laquo;Түркіс&shy;тан&raquo; са&shy;райында салтанатты кеш өтті. Мерекелік жиын елі&shy;міздің Ән&shy;ұ&shy;ра&shy;нымен бас&shy;талып, Ту көтеру рәсімі&shy;мен жалғасты. Сап түзеген сар&shy;баз&shy;дар жауынгерлік тәртіппен көк бай&shy;рағы&shy;мызды сахна төріне алып шықты. Шымкент қа&shy;ласының әкімі Мұрат Әйтенов салтанатты бас&shy;қосу&shy;ға жиналған барша мегаполис тұр&shy;ғындарын елі&shy;міздің айту&shy;лы мереке&shy;сі&shy;мен шын жүректен құт&shy;тық&shy;тап, ізгі тілегін жолдады.</p>

Салтанатты мереке

Ата Заңымыз – асыл қазына­мыз. Басты заң­ға енгізілген өз­­ге­рістер мен толықтырулар аза­­мат­тардың құқықтарын қор­­ғау тетіктерін күшейте тү­сіп, елі­­­міз­дің даму бағыт-бағ­да­рын айқындап бер­ді. Халық­тың таң­дауы Конс­­­ти­туция­мыз өрке­ниетті мем­­лекеттің бар­лы­ғына тән де­мокра­тиялық қағи­далармен то­­лықтырды. Басты құн­дылы­ғы­мыз – Тәуелсіз­дігіміз тұғырлы бо­лып, бірлігіміз жасай бер­сін. Әр шаңырақта құт-береке, ырыс пен ын­ты­мақ салтанат құрсын», деді шаһар басшысы.

Мерекелік жиында қоғам­ның белсен­ді азаматтары – ең­­­бек озаттары Конс­титуция кү­ні­не орай марапатталды. Мара­­­пат­­талғандардың бірі Рахат Момы­­нованың кітап­хана саласында еңбек етіп келе жатқанына 27 жыл болған. Соның 17 жылдан астам уа­қытында мегаполистегі Абай атындағы кітапхананың оқыр­мандарға қызмет көрсету бө­лімінің меңгершісі қызметін атқарып келеді.

Кі­тап­ханашы – өте қызықты ма­ман­дық. Жан азығының ор­да­сындағы қызмет рухани жұтаң­дықты сездірмейді. Та­лай адамды көресің. Олармен тілдесіп, өзің де біліміңді толықтырасың. Туған жерім Жаңақорғанда 5 жыл, одан Арыс қаласында 5 жыл кітап­хана­шы болсам,  Шымкенттегі Абай кітап­ханасындағы қызме­тіме 17 жылдан асып барады. Бү­гінгі жастар кітап оқиды. Жас ақындар өлеңдерін оқып, ақын­дық кештерін өткізіп жа­тады. Сондықтан жас­тар кітап оқымайды деу бекер. Конс­титу­ция­дағы жаңа өзгерістермен елі­міз Жаңа Қазақстанға қадам бас­ты. Ал оның жастары білім­ді, ақылды, зерек. Оны өз тәжіри­бемнен көрген кейін айтып отырмын. Демек бізді жар­қын келешек күтіп тұр. Себебі жастары белсенді қо­ғам ғана алға озады», деді Р.Мо­мынова.

Мерекеге жиналған аза­мат­тардың әр­қайсысы да Конс­титуция заң кепілі, заң­дар мен ережелердің басты құ­жаты, сон­дықтан оған құрмет ерекше болу керек деген ойларын жет­кізді. Тілдескен тұрғын­дар­дың айтқан пікірі біреу ға­на, ел егемендігін алғалы бері заңдылықтың үстемдігін қам­тамасыз етіп келе жатқан Конституцияға бағынып өмір сүру – республиканың әрбір саналы азаматына парыз. Кейінгі жас ұрпақ та сол тәрбиемен өсу қажет.

Салтанатты кеш соңы филармония, опера және балет театры, Шымкент цирк ұжымдарының дайындаған мерекелік концер­тіне ұласты. Сонымен бірге «Ұлы дала шежіресі – Ата Заң» атты концерттік бағдарламада «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке хан­ның «Жеті жарғысынан» бүгінгі күнге дейінгі заңдардың даму тарихы мен қазақ елінің құ­қықтық мәдениетінің қа­лып­­тасу кезеңдерінен сыр шертілді.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Салтанатты мереке · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар