Спорт
1 мин оқу 290

Қатарынан екі жеңіс

<p style="text-align: justify;">Тайландтың Накхонратчасима қала&shy;сында волейболдан әйелдер ара&shy;сындағы ХХІІ Азия чемпионатының екінші жарыс күні артта қалды.</p>

Қатарынан екі жеңіс

Кеше D тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы 2-турда Гонконгты сенімді жеңіп (3-0), өз орнын нықтай түсті. Матч 25-16, 25-23, 25-17 есебімен аяқталды. Бұрнағы күні волейболшыларымыз Филиппин құрамасынан тай-брейкте басым түскен еді.

Бүгін отандастарымызды Қытай құра­масымен топтағы шешуші ойын күтіп тұр. Жеңімпаз бен жүлдегерлер 6 қыркүйекте анықталады, деп хабарлады МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бөлісу: