Президент
1 мин оқу 473
Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:
- Президент Әкімшілігінің Басшысы;
- Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
- Президент Кеңсесінің Бастығы;
- Президенттің көмекшілері;
- Президенттің кеңесшілері;
- Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
Сондай-ақ Жарлыққа сәйкес:
- ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
- экономикалық мәселелер бойынша;
- халықаралық мәселелер бойынша;
- құқықтық мәселелер бойынша;
- ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
Хабарланғандай, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Оған қоса Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.
Бөлісу: