Қазақстан
1 мин оқу 300

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес жаңа көмекшісі тағайындалады

<div class="description" style="text-align: justify;">Бүгін, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Құжатқа сәйкес, Мемлекет басшысының бес жаңа көмекшісі тағайындалады. Жарлықта олардың лауазымдары белгіленді:

  • ішкі саясат және коммуникациялар бойынша;
  • экономикалық мәселелер бойынша;
  • халықаралық мәселелер бойынша;
  • құқықтық мәселелер бойынша;
  • ғылым және инновация туралы.

Бұған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары қызметтерінен босатылған еді. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқартылды.

Бөлісу: