Оқиға
1 мин оқу 252
Алматыда монша өртенді
<p style="text-align: justify;">Алматыда Бостандық ауданы Нұрлы шағын ауданындағы жұмыс істемейтін монша кешені өртенді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өртті сөндірудің екі учаскесі құрылып, 66 адам, 22 бірлік техника жұмылдырылған.
2 қыркүйек күні 23:00 шамасында басталған өрт 3 қыркүйек 00:27-де оқшауланып, сағат 01:20-да сөндірілген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт жақын маңдағы үйлерге таралмаған.
«Екі қабатты ағаш ғимараты өртенді. Алау аумағы – 600 шаршы метрді құрады. Ғимарат бұзылып, құлай бастады. Өрттің екі тұрғын үйге ауысу қаупі туындады. Жоғары температурадан көппәтерлі үйдің екінші және үшінші қабаттарының балкондары ери бастады», деп хабарлады Алматы ТЖД.
Бөлісу: