Экономика
2 мин оқу 250

Мүмкіндікті сәтті пайдалансақ

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында еліміздегі халықаралық дәліздерге, республикалық маңызы бар темір жолдар мен автожолдарға айрықша назар аударды. Ұлан-байтақ даламыз батыс пен шығыстың, оңтүстік пен солтүстіктің арасында тең орналасқаны туралы, соны тиімді пайдалану үшін креативті көзқарас керектігін Президент бұған дейін де айтып келді.</p>

Мүмкіндікті сәтті пайдалансақ

«Қазақстан Еуразия құр­лығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика са­ла­сындағы ірі мемлекетке ай­налуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үле­сі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс», деді осы жолы Мем­лекет басшысы.

Расында қазіргі геосая­си жағдай мен тарихи туындаған мүм­кіндікті Үкіметіміз сәтті пайдалана білсе, Қазақ­стан көлік-логистика держава­сына айналуына мол мүм­кіндігі бар. Оған күмәніміз бол­мауға тиіс. Мысалы, Пре­­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қы­тайға мемлекеттік сапары аясында Сиань құрғақ портында отандық логис­тикалық орталық құ­ры­лысының онлайн іске қосу рәсіміне қатысқаны белгілі. Сонда сөйлеген сө­зінде құрлықтағы көлік дә­ліздерін дамыту мәселесін де қозғады. Қытай Батыс Еу­ра­зияның ауқымды нарық­та­рына Қазақстан аумағы ар­қылы шыға алатынына ин­вес­торлардың да назарын аудар­ды.

«Мұндай тасымал жолы өте ұтымды екені сөзсіз. Біз Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логис­тика орталығын салуға баса мән беріп отырмыз. Орталық Азияға, Еуропаға, Түркия мен Иранға контейнер пойыздарын тікелей жөнелту ісінде осы орталық негізгі хаб болады.  Біз Қытайға қарай «Аягөз – Бақты» теміржолын іске қосуды жос­парлап отырмыз. «Достық – Мо­йынты» арасындағы темір жолға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда теміржол ар­қылы жыл сайын 20 миллион тоннаға дейін жүк та­сы­малдауға мүм­кіндік туады. Еуропа мен Азия арасындағы транзитті жандандыру үшін Транскаспий бағдарын дамыту маңызды деп санаймын. Бұл бағыттың болашағы зор», деген еді Пре­зидент.

Осынау халықаралық ма­ңызы бар ауқымды жұмыс­тарды ойдағыдай іске асыру үшінде Көлік министрлігін қайта құруды ұсынды. Енді атқарушы билік осы бағыт­тағы істің көзін тапса, үкіленген үміт толық ақта­лады деп ойлаймын.

Бахадыр ҚАРСЫБЕКҰЛЫ,

кәсіпкер

Бөлісу:
Мүмкіндікті сәтті пайдалансақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар