Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp нөмірін жария етті
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов WhatsApp мессенджеріндегі нөмірін жария етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Министрліктің жеке құрамына арналған телефон нөміріне хабарлама жіберуші адам өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекенін, лауазымын да жазуы керек.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
WhatsApp месенджері арқылы министрмен тікелей байланыс бүгіннен бастап іске қосылады.