Теннис
1 мин оқу 205

Үшінші айналымда сүрінді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші теннисшісі Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open жарысын ерте аяқтады.</p>

Үшінші айналымда сүрінді

Бұрнағы күні Е.Рыбакина WTA рей­тингісінде 30-орында тұрған румын Соран Кырстямен кортқа шығып, 1:2 (3:6, 7:6, 46) есебімен жеңілді. Кездесу 2 сағат 49 минутқа созылды.

Егер де жерлесіміз қарсыласын бұл кез­десуде жеңгенде, онда АҚШ ашық чемпио­натының 1/8 финалына шыққан және WTA рейтингісінде үшінші орынға көтерілген тұңғыш қазақстандық теннисші атанар еді.

US Open-2023-тің үшінші айналымына қатысқаны үшін Е.Рыбакина 191 мың доллар еншіледі. Сонымен қатар 130 рейтингтік ұпай жинады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина бұған дейін бірде-бір рет АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалына дейін жетпеген.

Бөлісу:
Үшінші айналымда сүрінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар