Хоккей
1 мин оқу 182
Жаңа маусымды сәтсіз бастады
<p style="text-align: justify;">«Барыс» үшін Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы сәт­сіз басталды. Елордалық клуб «Сала­ват Юлаевқа» (Уфа) жол берді.</p>

Кездесу Астанада өтіп, қонақтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Уфалықтар сапында Александр Хмелевский (13-минут), Владислав Ефремов (25-ші) және Александр А.Шаров (46-шы) көзге түсті. Ал барыстықтардан Темірлан Гайтамиров (51-ші) және Понтус Оберг (56-шы) қақпаны дәл көздеді.
Ойын соңында барыстықтар бірнеше шабуылдағанымен «Салават Юлаев» керемет қорғана білді.
Келесі ойынды елордалық ұжым 4 қыркүйекте «Барыс-арена» мұзайдынында «Сібірді» қабылдайды.
Бөлісу: