Тағайындау
1 мин оқу 312

Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі болып тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтар күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

- 1994-1997 жылдары – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі;

- 1997-1998 жылдары – жекеменшік компанияның экономика мәселелері жөніндегі директоры, ҚР Экономика және сауда министрлігі аумақтық саясат бөлімінің бастығы, Қаржы департаментінің бастығы, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ экономика жөніндегі вице-президенті;

- 1998-1999 жылдары – ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры;

- 1999-2000 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі;

- 2000-2001 жылдары – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

- 2001-2008 жылдары – «КЕGОК» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы;

- 2008 жылдан – «KEGOC» акционерлік қоғамының президенті;

- 2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі;

- 2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі;

- 2016-2019 жылдары – Энергетика министрі;

- 2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;

- 2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі қызметін атқарды.

Бөлісу: