Қоғам
1 мин оқу 221

Орманда жоғалған 83 жастағы әже табылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысының орман алқабында немерелерімен &nbsp;бірге саңырауқұлақ теруге&nbsp; барған 83 жастағы әже хабар-ошарсыз кеткен еді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Орманда жоғалған 83 жастағы әже табылды

Самар аудандық полиция бөліміне қыз бала хабарласып, 83 жастағы әжесінен орманда жүріп көз жазып қалғанын айтқан. Туыстарына ілесіп, орманға саңырауқұлақ теруге барған әжей әп-сәтте көзден тасаланып,   адасып  кеткен. Өздері іздеп таппаған соң туыстары полициядан жәрдем сұрады.  

«Тәртіп сақшылары іс-қимыл жоспарын құрып, орман алқабында іздестіру жұмыстарына кірісті. Соның нәтижесінде, бір сағат ішінде зейнеткер аман-есен табылды. Немересі әжесін тапқан полицейлерге шын жүректен алғыс білдірді», деді  облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері. 

Бөлісу: