Қоғам
1 мин оқу 190
«Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі толық сөндірілмеген
<p style="text-align: justify;">«Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы тағы 10 жұмыс күніне ұзартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Көмекке тағы 14 кенші жұмылдырылды. Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.
«Тоғыз бөгет тұрғызылды және 100% толтырылды, 3 бөгеттін құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр», делінген хабарламада.
Бөлісу: