Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты
<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы ширек финалға шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Азия чемпионатында Қазақстан атынан барған Айдос Кенжеғұлов, Алан Құрманғалиев, Кирилл Герасименко, Владислав Захаров, Зәуреш Ақашева, Ангелина Романовская, Анастасия Лаврова, Сарвиноз Мырқадырова сынға түседі.
Қыздарымыз топтық кезеңде Бангладеш теннисшілерін 3:0, Непал командасын 3:0, Өзбекстан спортшыларын да 3:0 есебін ойсырата ұтты. Жігіттер де Азия чемпионатындағы тартыста табандылық танытты. Непал, Бангладеш, Қырғызстан командасын 3:0 нәтижесімен ұтқан жігіттер Тайланд командасын да 3:2 нәтижесімен еңсеріп, ширек финалға өтті.