Қаржы
1 мин оқу 380

АҚШ валютасы 3 теңгеге жуық қымбаттады

<div class="description" style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,94 теңгеге қымбаттап, 459,52 теңге болғанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div> <div class="content">&nbsp;</div>

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63 теңгеге дейін көтерілді (+0,23).

Ұлттық банк еуро бағамын 495,09 теңге, рубль бағамын 4,74 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 458,5-461,5 теңге, еуро 495,5-500 теңге, ресей рублі 4,69-4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетсек, мұнайдың әлемдік бағасы біршама төмендеді.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 0,24%-ға арзандап, барреліне 88,34 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 0,26%-ға арзандап, барреліне 85,33 доллар болды.

Бөлісу:
АҚШ валютасы 3 теңгеге жуық қымбаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар