Табиғат
1 мин оқу 312

Бурабайда сілеусін фототұзаққа ілінді

<div class="description" style="text-align: justify;">&laquo;Бурабай&raquo; орман шаруашылығының инспекторы Әділхан Шәймерденов сілеусінді кезіктіргені жайлы хабарлады. Ол мысықтұқымды жануарды смартфонының камерасына да түсіріп үлгерген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

«Кешке жұмыстан қайтып келе жатыр едім. Терісінің түсі топырақ пен өсімдіктермен астасып, көзге әрең көрінсе де, байқап қалғаныма өзім де таңғалдым. Камерамды әрең қосып үлгердім. Сілеусін 1-2 секундта жалт бұрылып, қалың ағаштың ішіне қарғып кіріп кетті. Бұл үлкен мысық өте жылдам екен», деп әсерін бөлісті орманшы.

Сілеусін - өте сирек кездесетін, аса сақ, түнде ғана жортатын аң. Қазақ халқы үшін сілеусін ерекше құрметтейтін аңдардың бірі саналады. 

Бөлісу: