Ширек финалға шықты
<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қала­сында үстел теннисінен ерлер мен әйел­дер арасындағы XXVI Азия чем­пио­натының жалауы желбіреді.</p>

Командалық жарысты Қазақстан ұлттық құрамасы өте сәтті бастады. Құрамында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов және Владислав Захаров сынды ойыншылары бар команда Непал, Бангладеш және Қырғызстанды ойсырата ұтса, Таиландты 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Бұрымдыларымыз бастапқы кезеңде Бангладеш, Непал және Өзбекстаннан басым түсті. Бұл бәсекелердің барлығында 3:0 есебі тіркелді. Еліміздің қыздар командасы сапында Сарвиноз Мірқадырова, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева және Ангелина Романовская өнер көрсетуде. Сөйтіп, жерлестеріміз ширек финалға шықты.