Президент
1 мин оқу 270

Президент Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының шұғыл кеңесін өткізді

<p style="text-align: justify;">Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Батыл тойтарыс &ndash; 2023&raquo; оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Бас штабтың бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы ахуал жөнінде баяндады. Содан кейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бейнебайланыс режимінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін әзірленген шаралар туралы баяндама жасады.

Ал әскер түрлерінің бас қолбасшылары және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөнінде баяндады.

Кеңес барысында Президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Бөлісу:
Президент Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының шұғыл кеңесін өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар