Елорда
1 мин оқу 264

Ұлт ұстазына құрмет

<p style="text-align: justify;">Тілдер күні мен Ахмет Байтұр&shy;сынұлының туған кү&shy;ніне орай елорда&shy;дағы Қаламгерлер аллея&shy;сын&shy;дағы Алаш қайрат&shy;кер&shy;лері ескерт&shy;кішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Оған зия&shy;лы қауым өкілдері мен қа&shy;ла тұрғындары қатыс&shy;ты.</p>

Ұлт ұстазына құрмет

Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйым­дастырған рухани іс-шарада алғашқы болып сөз алған академик, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Ғарифолла Есім ұлт ұстазы туралы парасатты ой өрбітті.

«Ахмет Байтұрсынұлы се­кілді тұлғалар ғасырларда сирек туады. Біз сондай кемеңгері бар бақытты халықпыз. Оның елімізге сіңірген қызметі ұшан-теңіз. Сондықтан да Ақаңды «Ұлт­тың рухани көсемі» деп айтамыз. Қазақ жұрты барда қазақ тілі де жасай береді. Ал тілді сақтау – әрбір қазақтың азамат­тық борышы», деді ол.

Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұрт­бай, Астана қаласы Тілдер­ді дамыту және архив ісі басқар­масының басшысы Сәкен Зия­бекұлы да жиналғандарды Тілдер мерекесімен құттықтап, Ах­мет Байтұрсынұлының шы­ғармашылық мұрасын насихаттау туралы салмақты сөз қозғады.

Сонымен қатар іс-шара барысында Ә.Мәм­бетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының әртістері «Алаш жолы» қойылымынан үзінді көрсетіп, жас ақындар Ақаңа арналған өлеңдерін оқыды.

Бөлісу: