Хоккей
1 мин оқу 165

Жеңіс қолда тұр еді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың &laquo;Ба&shy;рысы&raquo; тұрақты біріншіліктегі екінші кездесуін Новосібірдің &laquo;Си&shy;бирь&raquo; клубына қарсы өткізді.</p>

Жеңіс қолда тұр еді

Биылғы маусымның тұсаукесер кезде­суінде осы командалардың екеуі де жеңілістің кермек дәмін татқан еді. «Барыс» Өфенің «Салават Юлаевынан» (2:3), ал «Сібір» Омбының «Авангардынан» (1:2) ұтылды. Бұл жолы жерлестеріміз бәсекені өте қар­қынды бастады. Матчтың 27 минутына дейін Андрей Скабелканың шәкірттері қар­сыластары қақпасын үш мәрте дәл көздеді. Бұл голдардың авторлары – Давид Скленичка, Алекс Грант және Райли Барбер. Ал одан кейін біз «Барысты» мүлде танымай қалдық. Үзіліске дейін олар қонақтарға таразы басын теңестіруге мүмкіндік беріп қойды.

51 минутта Батырлан Мұратов астана­лықтарды алға шығарғанда бір «уһ» дедік. Бірақ көп ұзамай «Сібірдің» ойыншылары таблодағы есепті өзгертіп қана қоймай, овертаймда жеңісті жұлып әкетті – 4:5.

Бөлісу: