Теннис
1 мин оқу 194

Бариде бағы жанбады

<p style="text-align: justify;">Күні кеше ғана Прагада өткен ITF W60 турнирінде топ жарған қазақ теннисшісі Жібек Құламбаева көп кешік&shy;пей Апеннин түбегінде шымыл&shy;дығы түрілген турнирге қатысты.</p>

Бариде бағы жанбады

Бірақ Италияның Бари қаласында оның жолы болмады. Іріктеу сынынан іркілмей өткен Құламбаева алғашқы айналымда Ресейдің атақты теннисшісі, Билли Джин Кинг турнирінің жеңімпазы, кезінде әлемдік рейтингте ТОП-10-дықта болған Вероника Кудерметованың туған сіңлісі По­линаға 1:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Есесіне Қазақстанның тағы бір танымал ойын­шысы Денис Евсеев Ыстанбұлда жалауы желбіреген жарыстың алғашқы айналымында словакиялық Норберт Гомбошқа сан соқтырды – 6:4, 6:1, 6:2. Сол секілді Тимофей Скатов та Севильядағы турнирдің екінші кезеңіне шықты. Пиреней түбегінде ол польшалық Даниэль Михальскиден айласын асырды – 6:1, 5:7, 6:3.

Ал Нью-Йорктегі US Open турнирінің ширек финалында Анна Данилина мен финляндиялық Харри Хелиоваара жұбы қытайлық Ифан Сюй мен бельгиялық Йоран Флигеннен 7:5, 7:6 есебімен басым түсті. Осылайша, олар жартылай финалда күш сынасу мүмкіндігіне ие болды.

Бөлісу:
Бариде бағы жанбады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар