Спорт
1 мин оқу 304

Ерекше спортшылар жарысы

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының төрағасы &ndash; Қазақстан бочча феде&shy;ра&shy;ция&shy;&shy;сы&shy;ның президенті Мәу&shy;лен Әшімбаев елордада өткен инклю&shy;зивті турнирге қатыс&shy;ты. Боч&shy;чадан алғаш рет ұйым&shy;дасты&shy;рыл&shy;ғ&shy;ан бұл сайыс&shy;қа белгілі спорт&shy;шылар, сарап&shy;шы&shy;лар және БАҚ саласы&shy;ның білікті мамандары да арнайы келді.</p>

Ерекше спортшылар жарысы

Мәулен Әшімбаев ерекше қажет­тіліктері бар азаматтарды қолдау және кедергісіз орта қалыптастыру еліміздің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы инклюзивті даму мәселелеріне әрдайым баса мән беріп келеді. Әділетті Қазақстан дегені­міз де баршаға тең мүмкіндік жасауға табан тірейтіні анық. Осы ретте боччадан өтіп жатқан осындай са­йыстар Қазақстанда инклюзивті қоғам құруға өз үлесін қосып отыр деп айтуға толық не­гіз бар. Алдағы уақытта да бәріміз бір­лесіп, үлкен нәтижелерге қол жет­кізе­міз деп сенемін», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат спикері елімізде аталған спорт түрінің қолға алынға­нына көп уақыт өтпесе де, айтар­лықтай нәтижелерге қол жеткізіп үлгер­генін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол инклю­зивті қоғамды дамыту үшін осы қар­қын­ды жоғалтпай тиісті жұмысты жалғас­тырудың маңыздылығына және бұл ба­ғытта Сенат заңнамалық дең­гейде қажетті қолдау көрсетуге дайын екеніне назар аударды.

«Қазіргі таңда еліміз бойынша 20-дан астам бочча үйірмесі жұмыс істейді. Ол жерлерде 150-ге жуық ерекше қажеттілігі бар спортшы жаттығады. Биыл біз ұлттық құрамамызды жасақ­тадық. Құрама халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайды. Спорт­шыларымыздың ірі сайыстарға қаты­суының өзі үлкен жетістік. Сондай-ақ бұл – әр адамның өз мүмкіндіктерін іске асыруына жол ашатын толық инклюзивті қоғам құру ісіндегі маңыз­ды қадам», деді М.Әшімбаев.

Бөлісу:
Ерекше спортшылар жарысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар