Қоғам
1 мин оқу 840

«Мен енді қоңырат болдым». Анголалық студент Президентпен қазақша сөйлесті (видео)

<p style="text-align: justify;">Ангола азаматы, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 4-курс студенті Ферейра Элиша Мемлекет басшысымен қазақ тілінде сөйлесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеше Алматы облысында жұмыс сапарымен болған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды. 

Мемлекет басшысы жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен, студенттермен әңгімелесу барысында білім беру жүйесіне озық әдістерді енгізу маңызды екенін ерекше атап өтті.
 
Ангола азаматы, аталған университеттің 4-курс студенті Ферейра Элиша Мемлекет басшысымен қазақ тілінде сөйлесті.

л

«Біздің университетке қош келдіңіздер! Мен Анголадан келдім. Сізді көргеніме өте қуаныштымын. Мен қазір қоңырат болдым. Қазақ елі жасай берсін!» деді ол.

Бөлісу:
«Мен енді қоңырат болдым». Анголалық студент Президентпен қазақша сөйлесті (видео) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар