Тағайындау
1 мин оқу 380

Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Нұрмұхамед Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған құжат 2023 жылғы 6 қыркүйекте Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», делінген ресми хабарламада.

Нұрмұхамед Байғараев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Бұған дейін ол «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламалар мен әлеуметтік ток-шоулар әзірлеген. Кейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды. Сондай-ақ «Айқын» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Президент баспасөз хатшысының орынбасары болды.

Бөлісу:
Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар