Елорда
1 мин оқу 410

Елордада Атырау ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">Астанада 9-10 қыркүйек аралығында Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерінің 17, балық және балық өнімдерінің 48, бау-бақша өнімдерінің 12 түрі, барлығы 72 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылады. Жәрмеңке Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайында, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аумағында өтеді.

Айта кетейік, өткен жылы жәрмеңкеге Атырау облысынан 110 тонна ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде 44 тонна балық қойылған болатын.

Бөлісу:
Елордада Атырау ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар