Елорда
1 мин оқу 225
Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді
<p style="text-align: justify;">Ертең елордадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Жәрмеңкеде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында түрлі мамандықтар бойынша 650-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Іс-шара 7 қыркүйек күні сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 34) өтеді.
Бөлісу: