Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 313

Кіл жұлдыздар бәсекесі

<p style="text-align: justify;">14 қазанда АҚШ-тың Розенберг қала&shy;сында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Жәні&shy;бек Әлім&shy;ханұлы мен германиялық Вин&shy;ченцо Гуаль&shy;тьеридің күш сынасатыны белгілі.</p>

Кіл жұлдыздар бәсекесі

Бұл бәсекеден бөлек, сол жарыста тағы бірнеше әйгілі боксшы рингке көтеріледі. Атап айтсақ, 2021 жылы өткен Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Кишон Дэвис (9-0, 6 КО) Нахир Олбрайтпен (16-2, 7 KO) жұдырықтасады. Токио Олимпиадасында дәл сол межеден көрінген Ричард Торрес (6-0, 6 KO) Дон Хейнсвортпен (17-8-1, 15 KO) айқасады. Жапонияның астанасында жеңіс тұғырына көтерілген тағы бір боксшы Дюк Рэган (8-0, 1 KO) Хосе Переспен (11-1-2, 5 KO) шеберлік байқасады. Есімдері атал­ған былғары қолғап шеберлерінің алғаш­қы бе­сеуі – АҚШ-тан, алтыншысы – Мекси­кадан.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақта өнер көрсететін Әлімханұлы мен Гуальтьери арасындағы жекпе-жекте WBO және IBF нұсқалары бойынша екі бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Бөлісу:
Кіл жұлдыздар бәсекесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар