Аймақтар
2 мин оқу 310

Жетісулық өрендер жарап тұр

<p style="text-align: justify;">Талдықорғандағы Зият&shy;кер&shy;лік мектептің коман&shy;дасы роботтехникадан ұйымдастырылған олим&shy;пиа&shy;даның жеңімпазы атанды. Алматы қаласында өт&shy;кен бәсекеде жетісулық өрендер ерекше көзге түс&shy;ті. Роботтехникадан рес&shy;пуб&shy;ликалық олимпиада Бірік&shy;кен Ұлттар ұйымының тұ&shy;рақты даму мақсаттарын орын&shy;дауға бағытталған. Іс-шара логистика мен цифр&shy;лық инфрақұрылымға кө&shy;мек&shy;тесетін роботтарды жасау үшін қатысушыларды бір алаңға жинайды.</p>

Жетісулық өрендер жарап тұр

Байқаудың басты міндеті – күнделікті өмірде адамға қамқорлық танытып, қызмет көрсететін роботтарды әзірлеу.

Информатика пәнінің мұғалімі Нико­лай Авдюниннің жетекшілігімен талды­қорғандық команда екі жобаны ұсын­ды. Екеуі де «Future Innovators» ата­лымы бойынша (үлкен және орта топ) бірінші орынды жеңіп алды. 9-сы­нып оқушылары Диана Хасимова мен Илья Стасюков контейнерлерді сұрып­тауға және қайта тиеуге арналған теңіз ло­гис­тикалық терминалының прототипін жасады.

– Сауда-саттықтың 80 пайызы мұхит­тар арқылы жүзеге асады. Сауданың дамуын шектейтін дүниелер де бар. Соның бірі – жөнелту портына келетін контейнерлерді ұзақ күту. Терминалды теңіз сауда жолдарының қиылысына орнататын болсақ, контейнерлерді жет­кізу жылдамдығы артады. Теңіз тер­миналында жасанды интеллект жүйе­сі орналасқан. Нейрондық желі контей­нерлердің таңбаларын анықтап, автомат­тан­дырылған кранның көмегімен жүк­тер­ді жүктей де, түсіре де алады, дейді Диана.

9-сынып оқушылары Ранона Жәлелқызы мен Карима Мақанның бірегей жобасының атауы – «Өрмекші ана». Spider Mom – адам қолы жетпейтін жерлерге сымдарды өз бетінше төсеуге қабілетті робот.

– Интернетке қолжетімділік – еліміз­дің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе. Бұл әсіресе пандемия кезінде, әлем онлайн режімге көшкен кезде анық байқалды. Дегенмен ауылдық елді мекендердің барлығы интернетке қол жеткізе алмайды. Біздің зерттеуіміз бойынша, елімізде 1 432 ауылдың 200 мыңнан аса тұрғыны интернет инфра­құрылымынсыз отыр. Цифрлық тең­сіз­дікті жойып, азаматтарды сапалы бай­ланыспен қамтамасыз ету маңызды, – дейді жас өнертапқыштар.

Жоба авторларының айтуынша, робот жоғары жылдамдықты оптикалық ка­бель­ді бекітуге, тіректердің түрлерін, тіпті ауа-райын анықтауға қабілетті.

Олимпиада «RoboMission», «Future In­novators», «Future Engineers» санаттары бо­йынша өткізілді. Әр санатта жоғары ұпай жинаған жеңімпаз командалар алдағы 7-9 қарашада Панамада өтетін ха­лық­аралық чемпионатта ел намысын қорғайды.

Жетісу облысы

Бөлісу:
Жетісулық өрендер жарап тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар