Үкімет
1 мин оқу 202

Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Сма&shy;йылов Үкіметтің халық&shy;аралық қар&shy;жы ұйымдарымен ынты&shy;мақтас&shy;ты&shy;ғы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезек&shy;ті отырысын өткізді.</p>

Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы

Іс-шараға Дүниежүзілік банк, Еуропа­лық қайта құру және даму банкінің өкіл­дері, орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан теміржолы» ұлттық ком­паниясы және «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қорының басшылары қатысты.

Отырыста Алматы, Жамбыл, Қызыл­ор­да және Түркістан облыстарында жалпы ауданы 105 мың гектардан асатын иррига­циялық және дренаждық жүйе­лерді салу мен реконструкциялау, сондай-ақ 1 500 ауылдық елді мекенді жылдам интернетке қосудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл шамамен 200 мың үй шаруашылығын немесе 1 млн-нан аса адамды қамтиды.

Сонымен қатар өңірдің көлік байланысын жақсартуға, логистикалық қызметтер мен сауда-саттықты дамытуды ынталандыруға мүмкіндік бере­тін «Қарағанды – Жезқазған» автожолын реконструкциялау, сондай-ақ Ақтөбе қаласында жаңа кәріз-тазарту ғима­раттарын салу жоспарлары қаралды.

Одан бөлек, қатысушылар бірқа­тар теміржолды жаңғырту, жаңа жолаушылар вагондары мен электровоздарды сатып алу мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар­дың бірінші басшыларына халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылатын қаражат­тың уақтылы және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Бөлісу:
Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар