Қоғам
1 мин оқу 340
«Қазақстан халқына» қоры 818 түлекке грант берді
<p style="text-align: justify;">«Қазақстан халқына» қоры білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады. Тізімді қордың <a href="https://qazaqstanhalqyna.kz/kk/.../809-qazaqstan_halqyna">сайтынан</a> көруге болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мынадай критерийлері бойынша берілді:
- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан - 197 талапкер немесе 24,1%;
- жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 177 талапкер немесе 21,6%;
- мүгедектігі бар - 181 талапкер немесе 22,1%;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан - 261 талапкер немесе 31,8%;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары - 2 талапкер;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар - 1 талапкер.
Бөлісу: