Президент
1 мин оқу 225

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев&nbsp; Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды және тәжік халқын&nbsp; ұлттық мерекесі &ndash; Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

– Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ынтымақтастық жаңа мән-мазмұнға ие болды және байланыстарымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне толық сай келеді, – деп жазылған жеделхатта.

Президент бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстан мен Тәжікстанның көпжақты қарым-қатынасы алдағы уақытта екі елдің игілігі мен мүддесі үшін нығая беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар