Спорт
1 мин оқу 320

Қазақстан құрамасы жеңді

<p style="text-align: justify;">Футболдан келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы &nbsp;6-турда Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия футболшыларын 1:0 есебімен ұтты. 27-минутта Максим Самородов гол соғып, құраманы алға шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан құрамасы жеңді

Н тобында алты матчтан кейін Қазақстан құрамасы 12 ұпай жинап, турнир кестесінде 2-сатыға жайғасты. Қазақстан футболының тарихында біздің құрама бұрын-соңды іріктеу  кезеңінде 12 ұпай жинаған емес. Бас бапкер Магомед Адиев баптайтын жігіттер сол белеске шықты. Құрама футболшылар іріктеудің келесі матчын 14 қазанда сырт алаңда Дания құрамасына қарсы өткізеді.

Бөлісу:
Қазақстан құрамасы жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар