Аймақтар
2 мин оқу 311

«Алашта Кенекеме ер жетпейді!»

<p style="text-align: justify;">Отаршыл империяға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбас&shy;шысы, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ескерткіші шежірелі Меркі жерінде бой көтерді. &laquo;Алашта Кенекеме ер жетпейді!&raquo; деп ақын Мағжан жырлағандай, қазақ тарихында өшпес із қалдырған тау тұлға ескерткішінің ашылу салтанатына жергілікті зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.</p>

«Алашта Кенекеме ер жетпейді!»

Іс-шараның Мұхтар Әуе­зов­тің «Хан Кене» тарихи тра­гедиялық қойылымымен ашы­луында да зор мән жатса керек. Ал актерлік ансамбль өз кезегінде Кенесары хан дәуі­ріндегі тарихи еркіндікті аңсаған қазақ халқының ұлттық психологиясын көрсетуге күш салды. Кейіпкерлер арқылы дәуір шындығын айна-қатесіз көрерменге жеткізді.

Ескерткіштің ашылу сал­та­натына қатысқан облыс әкі­мдігі аппаратының басшысы Мәди Мәтен, Меркі аудан­дық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Байсейіт Жылысбаев, еңбек ардагері Рахметілдә Рах­манбердиев бас­таған мәртебелі меймандар сөз алып, Кенесарының қазақтың арғы-бергі тарихында үлкен рөл­ге ие хан болғанын, ұлт-азат­тық қозғалыс кезінде қазақ жауын­герлерінің рухын ояту үшін бар күшін сарқа жұмсаған көш­басшы болғанын тілге ти­ек етті.

вап

Демеушілер есебінен бой көтерген ескерт­кіштің биіктігі – 10 метр. Мүсін­ші Те­мірхан Көл­жігіттің ай­туын­ша, ескерт­­кіште ел үшін еңіре­ген ер бей­несін жасауда көп тари­хи дерекке назар аударыпты.

«Кене ханның тұсында,

Қарт бурадай жарадық.

Жауды жасқап жапырып,

Жауған қардай борадық.

«Абылайлап» ат қойып,

Дұшпанның алдын орадық»,

деп келетін Нысанбай ақынның жоқтауы аңызға айналған хан­ның бейне­сін дөп ашқандай.

Тарихи тұлғаға арналған тастұғыр «Батыс Еуропа – Ба­тыс Қытай» күрежолының бо­йында қасқайып тұр. Жұрт­шылық пікірінше, туындыда Есіл бо­йын­дағы Кенесары бейне­сімен сәтті кескіндік ұқ­сас­тық та бай­қа­лады. Ес­керт­кішке көз салған кез келген адам азат­тық жолында айқасқан көк­жал Кененің, біртуар ханның жүзіндегі айбарды ай­қын сезеді.

Жамбыл облысы,

Меркі ауданы

Бөлісу:
«Алашта Кенекеме ер жетпейді!» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар