Әлем
1 мин оқу 220

Қырғызстанда жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі 11 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 07:54-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8. MPV Магнитудасы – 4.4. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелмеген», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 9 қыркүйекке қараған түні Марокконың Марракеш қаласында күші 7 балдық жер сілкінісі болды. Мароккодағы жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 2 мыңнан асты.

Бөлісу:
Қырғызстанда жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар