Шахмат
1 мин оқу 271

Бас жүлде үшін таласады

<p style="text-align: justify;">Шахматтың рапид түрінен Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның әйел&shy;дер құрамасы финалға жолдама алды.</p>

Бас жүлде үшін таласады

Топтық турнирде жерлестеріміз Мысыр, Үндістан, Франция және Украинаны ұтып, Грузиямен тең түсті. Ширек финалда Гер­маниядан мерейіміз үстем болды. Жартылай финалда жолымыз Франциямен қайта қиысты. Бұл жолы біз оларды тай-брейкте 4:0 есебімен тас-талқан еттік. Атал­ған кез­десуде Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбекова қарсыластарынан басым түсті. Енді финалдық сайыста қазақ қыздары Грузиямен ойнады. Қап тауынан келген шахматшылар осының алдында ғана АҚШ-тың өкілдерінен басым түскен еді.

Жалпыкомандалық әлем чемпионаты 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстан құрамасы бұған дейін бірде-бір рет ширек финалдық межеден аса алмаған-тын.

Бөлісу: